Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күреске ерекше тоқталып өткен болатын.
Жастардың санасын улайтын зиянды заттардың оңай саудалануы, қол жетімді болуы бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған басты мәселе екендігі анық. Егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың қолында болғандықтан, жастарды зиянды әрекеттен аулақ ұстауымыз керек.
Ол үшін Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай, есірткі саудасына тосқауыл қойып, зиянды заттарға қарсы күресті барынша жасауымыз қажет. Аталмыш мәселені жоюдың бірден-бір жолы – заң мен тәртіпті күшейту деп ойлаймын.
Өркениетті ел болып қалыптасуымыз үшін жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеп, зиянды әрекеттерден аулақ ұстап, заң тұрғысынан қатал шешімдер қарастырылғаны дұрыс. Сонда ғана қоғам жақсы жаққа бет бұрып, тәуелсіз елдің кірпіші боп қаланады деп ойлаймын.
Кәмшат Серікбаева,
Мақат аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің
әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны