Атырау облысында 411 880 дауыс беруші бар

(0 Votes)

Бүгінгі саяси дода облыста ҚР Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше) референдум комиссиясында барлығы 2037 мүше бар. Облыс бойынша барлығы 274 референдум учаскесі қызмет етеді. Олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған. Атап айтқанда, 9-ы – емдеу мекемесі, 1-еуі – тергеу изоляторы, 1-еуі – әскери бөлімше. Айта кету керек, облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411 880 азамат тіркелген. Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT