Электрлі самокаттар бұл қазіргі кезде жастар мен ересектер жиі қолданатын, экологияға зиян келтірмейтін, ыңғайлы жеке көлік құралы. Көп жағдайда адамдар оны жұмысқа, дүкенге немесе серуенге бару үшін пайдаланады. Алайда, соңғы уақытта бұл көліктің пайдасымен қатар, қауіп-қатері де көбейіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге арнайы тоқталып, электрлі самокаттардың жаяу жүргіншілер жолымен жүруін шектеу туралы заң қабылданғанын өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.
Бірақ соған қарамастан, көшелер мен қоғамдық орындарда бұл ережелердің сақталмауы тұрғындардың қауіпсіздігіне әлі де кері әсерін тигізері анық.
Менің ойымша, бұл мәселені тек заңмен емес, тұрғындардың өзара сыйластығы мен тәртіпке бағынуы арқылы шешуге болады. Қоғамдағы әрбір азаматтың қауіпсіздігі бәрінен маңызды екенін ұмытпауымыз керек.
Т.Тағанова
Кент тұрғыны