Су - тіршілік көзі. Ауыл шаруашылығынан бастап, күнделікті тұрмысқа дейін судың маңызы зор. Алайда соңғы жылдары елімізде ғана емес, бүкіл әлемде су тапшылығы өткір мәселе болып отыр. Құрғақшылық, жауын-шашынның азаюы, өзен-көлдердің тартылуы бәрі осының айғағы.
Осы ретте Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да көтерілген мәселелердің ішінде су тапшылығы мен экологияға қатысты айтылған ойлар өте орынды әрі маңызды қадам деп білемін. Әсіресе Каспий теңізінің тартылу қаупі – бәрімізге ортақ мәселе екені сөзсіз.
Айта кетейік, суды үнемдеу тек мемлекеттің немесе шаруалардың емес, әр азаматтың міндеті. Бұл табиғатқа деген көзқарасымызды білдіретін мәдениет. Сондықтан алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, экологиялық жағдай жақсарады деп сенеміз. Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалу бәріміздің ортақ борышымыз.
Қабылхан Омаров
Аудандарық ардагерлер кеңесінің мүшесі