Заң мен тәртіп - әділдік орнатудың басты кепілі – Жабал Ерғалиев

(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM - «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев: «Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр»-деп қазақстандық бүгінгі қоғамның өзгере бастаған бүгінгі болмыс ахуалы, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы аса маңызды мәселе екенін айтты.

«Адамзат баласы әлмисақтан бері әділдік іздеп келе жатқаны бар. Сол әділдік мәселесі әлмисақтан бері толғандырып келе жатқандығы тағы да анық! «Әділдік жоқ» деп кей-кейде налитынымыз және де бар. Әркімнің өз ақиқаты мен өз әділдігі барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы аса маңызды мәселе. Біз барлық өркениетті мемлекеттер сияқты ендігі арада Әділдікті тек Заңнан ғана іздеуге тиістіміз. Заңға ғана бағынып, Заңға ғана жүгінуіміз керек!», - дейді ол.

Сарапшы атап өткендей, әрине, ол үшін Заң да сауатты жасалуы керек және сол заңдарды жүзеге асыратын да, олардың орындалуын қадағалап, бағып отыратын құқық орындары да Әділ болуға тиісті. Және де Заңға бағынып, заңмен өмір сүру үшін Тәртіп те керек, әркімнің тәртіпті болмағы да керек! Соған қарап, әділдік әр адамның өз адалдығынан, тәртіптілігінен басталар деген тұжырым жасалары бар.

Мемлекет басшысының 2019 жылдың 12 маусымында өзінің президенттік қызметіне ресми кірісу рәсімінде «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз»,- делінген осы бастамасынан кейін қазақстандық қоғамда тың әрі жаңа бір өзгерістер серпілісі басталды. Қоғамдағы әділдік орнықтырудағы жақсылықтарды байқамау, сезбеу мүмкін емес қазір.

«Ел Президенті осы жолғы Жолдауында: «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр»-деп қазақстандық бүгінгі қоғамның өзгере бастаған бүгінгі болмыс ахуалын атап көсетіп отырғандығын әбден орынды деп санаймыз», -дейді қоғам қайраткері.

«Бұл әсіресе, бүгінгі күні түрлі көзқарастар негізінде түрлі пікірлер мен ой көзқарастарының тайталасы, кей жағдайда айтысы мен тартысы ушыға түсіп, кей жағдайда жеке адамның ар-намысын аяқ асты ету, былапыт сөйлеп, дәлелі жоқ жалған жала жабуға дейін барып қалатын, кей жағдайда Құдайға да, Құранға да, қарттарына да қарсы шығып, ата салтты мансұқтап, үлкендердің айтқандарына құлақ асудан да қалып бара жатқан біздің қоғам үшін ауадай қажет!», - деп есептейді Жабал Ерғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT