Заң мен тәртіп басты назарда

(0 Votes)

 Мемлекет басшысы “Ана тілі” газетіне берген сұхбатындп елімізде іске асып жатқан жұмыстар туралы саралаған болатын. Соның ішінде зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында бірқатар заң жүйесі орнап, жұмыстар іске асырылған.

 “Есірткі өндіргені үшін берілетін жаза қатайды. Ондай қылмыс жасағандар 15–20 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады. Есірткіні белгілі бір жерге тығып кететін курьерлер мұндай қылмысты алғаш рет жасаса және әрекетінің салдары ауыр болмаса, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Лудоманиямен күреске қатысты заң күшіне енді. Құжатта букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына едәуір шектеу қойылды, кәмелетке толмағандарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді, аты-жөні борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген адамдардың құмар ойын ойнауына тыйым салынды. Бұл шаралар талай шаңырақты шайқалтқан, адамдарды қылмыс жасауға, өзіне қол жұмсауға итермелеген ойынқұмарлықтың таралуымен күресуге арналған” - деді президент өз сұхбатында.

Яғни есірткіге қарсы күрес,құмар ойынына тосқауыл қою шаралары әлі күнге дейін іске асып, қоғам үшін өз маңыздылығын жоймай отыр. Біз заңды күшейтіп, есірткіні өндірушілер мен тасымалдаушыларға,букмекерлік кеңселерді жарнамалаушыларға заң аясында тиісті шараларды қолдана беретін болсақ ел болып бұл дерттен құтылатынмызға кәміл сенемін! Еліміздің ертеңі жарық, келешегі кемел болсын!

Кәмшат Серікбаева,

Макат аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерге қатысты зорлық зомбылықтан қорғау тобынын инспекторы полиция капитаны

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT