Президентіміздің “Ана тілі” газетіне берген сұқбатын көріп шығып, өз ойымды білдірген болатынмын. Ел басшымыз сұқбатында әр түрлі тақырыптар төңірегін қамтып елімізде жасалынып жатырған саяси-қоғамдық мәселелерді сөз етті. Соның ішінде су тасқыны мәселесін кеңінен талқылап, облыс бойынша ауыр болған оқиғаны баяндады.
“Қарғын судың қарқыны шынымен де қатты болды: үйлер, жолдар, көпірлер, әлеуметтік және коммерциялық нысандар бүлінді, біраз мал қырылды. Бөгеттер мен гидротехникалық қондырғылар салуға ондаған жыл бойы жете көңіл бөлінгенде, апаттың салдары соншалықты ауыр болмас еді. Мұны мойындау керек. Қазір қателікті түзеп, олқылықтың орнын толтыруға кірістік. Парламентте жаңа Су кодексінің жобасы қаралып жатыр. Су ресурстарын басқару тұжырымдамасы және оның кешенді жоспары бекітілді. Онда 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу қарастырылған. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделген. Төтенше жағдайларды болжау және оның алдын алу жүйесін жаңғыртуға қатысты ауқымды жұмыстар басталды. Су мамандарының тапшылығы мәселесін шешу және зерттеу жұмыстарын жандандыру үшін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды”,-дейді ел басшымыз.
Жалпы осындай жағдайларда ел болып “жұмыла көтерген жүк жеңіл”демекші, бірлесіп тасқынға қарсы тұрдық десекте болады. Ел басшымыздың ұлт болашағына алаңдаушылық танытып, болашақта нақты шешім қабылдайтынына және су тасқанын алдын алуға қатысты оң шешім шығаратына кәміл сенімдіміз.
Г.Назарова,
Бас маман
Мақат ауданы