"Үшінші толқын": Бас санитария дәрігері қазақстандықтарға үндеу жасады

(0 Votes)

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның сөздері Үкімет жанындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны болады деген қауіп туындады. Әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті", - делінген Қиясовтың мәлімдемесінде.

Бас мемлекеттік санитария дәрігері Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендегенін айтты.

"Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандасымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахаулы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды. Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын.

Вакцинация сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцинация сізге әуежайларда еш қиындықсыз елге оралуыңызға, әрі өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпсіз сезінуіңізге мүмкіндік береді", - деді Ерлан Қиясов.

tengrinews.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT