Қазақстандық вакцина паспортының қай елдерге жарамды екені белгілі болды

(0 Votes)

Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды.

– Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Тайланд жəне Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бүгінде Мальдив аралдарының билігімен де қазақстандық вакцина паспорты бар туристерді қабылдау бойынша келіссөз жүріп жатқаны белгілі болды. «Қазір Мальдив аралдарына бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті түрде ПТР-тест қажет. Мальдив аралдарының үкіметімен біздің вакцина паспортын қабылдау бойынша мəселелер шешіліп жатыр. Содан кейін ПТР-тестсіз де, вакцина паспортымен кіруге мүмкіндік болады» деді комитет басшысы.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT