Ұлттық құрылтайда ел дамуына серпін беретін маңызды бастамалар көтерілді

Ұлттық құрылтайда ел дамуына серпін беретін маңызды бастамалар көтерілді
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында көтерген мәселелері ел дамуы үшін маңызды әрі уақыт талабына сай өзекті бастамалар екені сөзсіз. Әсіресе, қоғамдағы әдептілікті реттеу, ұлттық құндылықтарға жат идеологияларға тосқауыл қою, отандық кино мен анимацияның идеологиялық маңызын арттыру секілді бағыттар – мемлекетіміздің рухани тұтастығын нығайтуға негізделген батыл қадамдар.

Сонымен қатар, әйелдер колониясындағы жағдайды жақсарту және жүкті немесе баласы бар сотталған әйелдерге қатысты заңнаманы қайта қарау – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды бастама. Бұл – мемлекеттің адам құқықтарын қорғаудағы жауапкершілігін көрсетеді.

Ономастика мен марапаттар жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғамды дамыту және идеологиялық жұмыстарды жүйелеу қажеттілігіне ерекше назар аударылғаны да құптарлық. Мұның барлығы ұлттың тарихи жады мен қазіргі әлеуметтік-мәдени үдерістерді үйлестіретін жаңа тұжырымдамалардың пайда болуына ықпал етпек.

Театр өнерін дамытуға айрықша мән берілуі – рухани құндылықтарды сақтауға, өңірлік мәдениетті өркендетуге мүмкіндік береді. Бизнес өкілдерінің бұл салаға атсалысуы театрлардың сапасын арттыруға және шығармашылық орта қалыптастыруға серпін берері анық.

Ал Абай институтын халықаралық деңгейдегі мәдени-ағарту орталығына айналдыру бастамасы – қазақ мәдениетін, әдебиеті мен тілін әлемге танытудың маңызды қадамы. Бұл – Абай мұрасын жаһандық деңгейде насихаттап, еліміздің мәдени дипломатиясын күшейтетін тың жоба болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамалары ұлттық бірегейлікті сақтауға, мәдениетті дамытуға және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар ретінде жоғары бағалауға лайық. Егер осы тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асса, ел руханияты мен идеологиялық саясаты жаңа деңгейге көтерілері сөзсіз.

 

Ақтолқын ГИЗАТОВА,
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай аудандық білім бөлімі Оқушылар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT