Бүгін, Наурыз мерекесінің он күндігі аясындағы «Шаңырақ күні» қарсаңында, Атырау қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды.
Бұл игі іс Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. «Аягөз»және «Модерн» тұрғын үй кешендерінен 97 отбасыға жаңа пәтер берілді.