«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

(0 Votes)

Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметімен биылғы жылдың қыркүйек айының 7-сі мен желтоқсан айының 1-і аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен жоспар құрылып, аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.

Мұндағы басты мақсат - есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты, қылмыстың қайталануын уақтылы және олардың тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы бойынша анықтау.

Осы шара барысында Мақат аудандық пробация қызметі есебінде тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратындығы, тіркелу орны, тұрғылықты жері болу тексерілуде.

М.Б. Умбеталиева,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT