Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу бағытында ауданда 118 азамат бақылауға алынды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алу бағытында ауданда 118 азамат бақылауға алынды
(0 Votes)

Мемлекет басшысы өз жолдауында "азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешенді шараларды қолға алдық. Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз" деп айтып өткен еді.Сондықтан, қоғамда әр адамның құқығын қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Бүгінгі заманда бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып, қысым көретіндігі, соққыға жығылып, өз құқықтарын білмеуі қоғамдағы маңызды проблеманың біріне айналып келеді. 

Жыл сайын қаншама әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрығына ілігіп, бірі үрей мен қорқыныштың жетегінде өмір сүрсе, енді бірі соның құрбаны болып жатыр.

Аяқталғалы отырған жылдың 11 айында ауданымыз бойынша аудандық полиция бөлімінің 102 операторына отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласына қатысты 139 хабарлама тіркеліп, отбасылық құқық бұзушылық орын алған. Нәтижесінде 118 азамат бақылауға алынса, 18 азаматқа сотпен жүріп-тұруына шектеу қойылған.

Әрине, зорлық-зомбылықтың жолын кесуге бағышталған түрлі шаралар да атқарылып келеді. Мәселен, зәбір көрсетушілер денеге қасақана жеңіл зиян келтірілсе, ҚР ҚК-нің 108-1 бабына сәйкес, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмысына, 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Ал, ұрып-соғу, яғни тән ауруына ұшыратса, ҚР ҚК-нің 109-1 бабы бойынша сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға немесе 25 тәулікке дейін қамау жазасына кесіледі.

Өкінішке қарай, елімізде осындай келеңсіз жағдайлар жиі орын алады. Одан зардап шеккендердің бірі қорлыққа шыдай алмағандықтан арызданатын болса, екіншілері отбасын сақтап қалу үшін зорлық-зомбылыққа көндігеді. Осындай жағдайларға байланысты елімізде 2009 жылдың 4 желтоқсанында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заң да қабылданған болатын. Аталған заңды басшылыққа алу арқылы бүгінде құқық бұзушымен алдын алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Тұрмыс» аталатын республикалық акциялар мен жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіліп отыр. Бұл акциялардың мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.

Ұлжан ҚАДЫРОВА,

Исатай аудандық полиция бөлімі жергілікті

полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық- зомбылықтан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT