Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді үш жыл ішінде жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру бастамасы – уақыт талабынан туған маңызды стратегиялық қадам.
Цифрландыру бүгінде экономиканың барлық саласына еніп, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Осы ретте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу – елді дамытудың басты тетігі. Бұл бағытта Цифрлық кодексті қабылдау, ІТ-білімді дамыту, жас мамандар мен стартаптарды қолдау аса өзекті.
Алайда технологияның тиімділігі халықтың цифрлық сауаттылығына тікелей байланысты.
Жаңа мүмкіндіктерді барша азамат игергенде ғана цифрландыру шын мәнінде нәтижелі болады.
Қ.Омаров,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі