«TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

   «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
(0 Votes)

Атырауда 14 мамырдан бастап көшбасшы әйелдерге арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру жобасына өтінім қабылдау басталды.

Бұл жоба – қыз-келіншектердің елдің саяси өміріне белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, көшбасшылық дағдыларды үйрену арқылы әлеуетін арттыру мақсатын көздейді.

Жобаға қатысу үшін берілетін өтінім мен құжаттар 2025 жылдың 14-мамырынан бастап 31-не дейін қабылданады. @tomiris_atyrau2025 Instagram парақшасының БИО-да көрсетілген немесе https://docs.google.com/spreadsheets/d/1H1NGsMQLuCSII8xkCMLeo4BCnImQV_zSKxFC1iJ6zzo/edit?usp=sharing сілтемесіне өтіп, өтінім бере аласыз.

Сондай-ақ, Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына төмендегі құжаттар тізімін «Tomiris - (аты-жөні)» үлгісінде сақталған файлмен жіберуіңіз қажет:

Түйіндеме (бір беттен артық емес), сертификаттар мен дипломдар (болған жағдайда);

Мотивациялық хат: «TOMIRIS» ақпараттық білім беру бағдарламасына қатысуға ниетіңіз түсіндірілуі және 200-250 сөзден құралуы тиіс;

Бұрын жарияланған мақалаларға, сұхбаттарға, сөйлеген сөздерге сілтемелер (болған жағдайда).

«TOMIRIS» жобасы – тек білім беру ғана емес, сонымен қатар өзара әрекеттестік, тәжірибе алмасу және әйел көшбасшылардың мықты қауымдастығын қалыптастыру алаңы. Бұл – қатысушыларға тек білім алып қана қоймай, елдің саяси өміріне белсенді және жігерлі қатысушы ретінде өзін танытуға мүмкіндік беретін жоба.

Айта кету керек, «Tomiris» жобасы – 2023 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жобаны облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT