Тікелей эфирде мүгедектер мәселесі

(0 Votes)

Аптаның сейсенбісінде «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі Күлпәш Алишева тікелей эфирде кезекті сұхбатын өткізді. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен орындалысы» тақырыбында өткен сұхбаттың қонағы Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Утешова болды.


Сұрақтарға жауап беріп отырған маман: «Мақат ауданы бойынша 1000 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде: I - топ мүгедегі - 78 адам, II - топ мүгедегі - 302 адам, III - топ мүгедегі 420 адам, 16 – жасқа дейінгі мүгедек балалар – 10, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 10 бала.
NCOC компаниясының демеушілігімен алынып берілген 2 инватакси автокөлігі биылғы жылы 22 мүгедекке қызмет көрсетіп отыр», - деп статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар Гүлжанар Тлесқызының айтуынша, аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың протездік көмекші құрал, гигиеналық құралдар, тифлоқұралдар, сурдоқұрал, кресло арба, жеке көмекші, оңалту орталығы және санатория бойынша өітініштері порталға салынып, барлығы дерлік бойынша 100 % орындалған.
Ағымдағы жылы «Nur Otan» партиясының Мақат аудандық филиалы мен аудандық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімімен бірлесіп инфрақұрылым объектісі паспортталған 17 мекемеге мониторинг жасалған. Нәтижесінде 7 мекеме талапқа сай, қалған 10 мекеме талапқа сай емес екендігі анықталып отыр. Бұл 10 мекемеге хабарлама жіберіліп, нақты түсінік жұмыстары жүргізілген.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы сұхбаттар «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандық филиалында тұрақты түрде өтіп тұрады.


А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT