«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардың және жеке кәсіпкер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Қаралған негізгі мәселе – өрт қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.


Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері тіркелген өрттерге статистика келтіріп, олардың шығу себептері мен салдарына тоқталды. Жеке кәсіпкер өкілдеріне өз қызметтері барысында міндетті түрде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі талаптарымен және қажетті өртке қарсы құрал-саймандардың тізімімен таныстырды. Сонымен қатар, қосымша мәлімет ретінде жеке кәсіпкерлерге өрт сөндіру құралдары жарамды күйде ұсталу керектігі және сәйкесінше өртке қарсы құрал-саймандармен жабдықталу тиістілігі жеткізілді.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған кезде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Б. ТӨЛЕГЕНОВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің
аға инженері, азаматтық
қорғау аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT