Бүгінде сәулетімен таңқалдырып, бірінен-бірі асатын ТҮ-кешендері тоқтаусыз салынып жатыр. Дегенмен бұл үйсіз жүрген халықтың, жыртығын жамап отырған жоқ. Мұның себебі қандай?
Сенімсіз құрылыс компаниялары ме?
Әлде бұл үйлердің тым қолжетімсіз болғаны ма?
Немесе сапасына деген күман ба?
Мүмкін кредитке белшесінен батып, кредиттік тарихын құртып алып, қарыздан көз ашпау ма?
Соңғы санақ бойынша елімізде жеке баспанасы жоқ қазақстандықтардың саны шамамен 6,9 миллион.
Елімізде барлығы 7 миллион 259 мың 231 жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген. Олардың ішінен:
• 944 мың 849 азаматта 2 жылжымайтын мүлік бар;
• 286 мың 502 азаматтың 3 және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар;
• оның ішінде 1669 азаматтың 10-нан аса жылжымайтын мүлікі бар .
Кәмелетке толмағандардың есебінде 91 мың 534 жылжымайтын мүлік нысаны бар екені хабарланды.
Аталған мәселелрдің талқылауға:
Үй алу жолдарын ұсынатын кеңесші - эксперт - Жазира Бейімбет
Отбасы банк маманы - Аутанова Оксананы шақырдық.
Бұл подкастты көргенде алатын ақпараттарыңыз:
Үй алудың оңай тәсілдері
«Отбасы банкі» ұсынатын жеңілдетілген бағдарламалар тізімі:
Екінші деңгейлі банктердің тиімді бағдарламалары туралы;
Құрылыс компанияларға алданбаудың жолы қандай?
Қандай құжаттарды талап ету керек?
Үй алуды жеңілдетуге арналған лайфхахтар.
Жастар бағдарламасына қандай өзгеріс енді?
Лайк басып, пікір қалдырыңыз! Өзіңізді қызықтырған тақырыптарды ұсынсаңыз болады.