Халқымыз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал мерекесінен бастап, он күн бойына атап өтетіндіктен, әр күнге нақты бір атау берілді. Сөйтіп наурыз мейрамының жана тұжырымдамасы пайда болды десек болады. Ал көпшілік дәл бұндай бастаманы жақсы қабылдап, биыл «Ұлттық киім күні» ерекше қолдауға ие болды.
Президентіміздің бұндай бастамасының арқасында ұлттық киімге деген қызығушылық арта түсті. Түрлі компаниялар мен мектептер және ірі мекемелер ұлттық киімге мән беріле бастап, осылай ұлттық киім арқылы халқымыздың мол мұрасы жалғасын тауып жатыр десек болады.
Ұлттық киім үлгісінде түрлі маталар мен былғары секілді табиғи заттар, асыл тастар, неше түрлі ою-өрнектер бейнеленеді. Олар адамға жайлылық пен жылылық сыйлап, халқымыздың болмысын сыйпаттайды.
Осылайша айтулы күні еліміздің әрбір азаматы өз мәдениеті мен бірегейлігін мақтан тұтып, ата-бабаларымызға құрмет ретінде, дәстүріміздің бірі саналатын ұлттық киім қазіргі заманда да жалғасын тауып, кең көлемде насихатталары сөзсіз.
Гүлмира Омарова
Аудандық балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы