АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов теңгеге байланған алғашқы стейблкоинді қайдан және қалай алуға болатынын түсіндірді.
Оның атуынша, криптотеңгені сату алу сервистері енді ғана дамып келеді.
— Стейблкоин-теңгені осы жобаның негізгі қатысушы Еуразиялық банк арқылы сатып алуға болады, ал цифрлық әмиянды Intebix биржасында ашу мүмкіндігі бар. Төлем болған жағдайда, яғни криптотеңге сатып алсам, енді криптотеңге арқылы кез келген криптоактивті сатып ала аламын. Бұл тұрғыда биткоин немесе басқаларын айтып тұрмын, — деді Б. Шолпанқұлов.
Осы орайда ол биыл маусым айында Ұлттық банк криптокартаны іске қосып жатқанын мәлімдегенін еске салды
— Неліктен осында Mastercard қатысып жатыр? Біз крипто-фиат арналарының қамтамасыз етілгенін айтып отырмыз. Егер сіздің шотыңызда криптоактив түріндегі ақшаңыз болса, оны Қазақстан Республикасы аумағында криптокарталар арқылы кез келген нәрсеге жұмсай аласыз. Сонымен қатар, керісінше теңгемен криптотеңгені сатып алғанда, Solana және Intebix сияқты инвестициялық платформалардан басқа да активтерді сатып алуға болады, — деді ҰБ басшысының орынбасары.