Тазалық ең басты қасиетімізге айналуы тиіс!

Тазалық ең басты қасиетімізге айналуы тиіс!
(0 Votes)

Республика көлемінде жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мақсаты – өзіміздің туып-өсіп, тұрып жатқан өңіріміздің тазалығын сақтау. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше тоқталып өтті.

«Таза Қазақстан» шарасына өткен жылы бірнеше айдың ішінде 500-ге жуық азамат атсалысып, 1 мың тонна­дан астам қоқыс жиналды. Махамбет ауылы Жайық жағалауындағы бөгет соғу кезінде кесілген ағаштардан толық тазартылды. «Жасыл белдеудің» ішіндегі қураған талдар кесіліп шығарылды. Ауылдық округ­ке осы ағаштарды ұнтақтайтын агре­гат сатып алынды. Махамбет және Сарытоғай ауылдарына 31 орынға қоқыс алаңшалары салынып, биылғы жылы 10 алаңша құрылысы басталып кетті. Олар Мөңкеұлы, Ақшолан, Ше­ненов-2, Тайманов, Жұмабаев, Ах­метжанов көшелері мен Сарытоғай ауылына 2-уі қондырылады. Махам­бет ауылына тазалыққа байланысты 2 бильборд орнатылды.

Аталмыш акция аясында меке­ме айналасындағы, саябақ, ойын алаңдарындағы, көше бойындағы шөптерді тазартып қыру, ауылдың ішін және сыртын, тас жол айналасы, жағалауларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Әр мекеме, әр үй айнала­сын шөптерден тазалады. Жиналған шөптер және ағаштардың кесіндісі ауылдық округке қарасты мердігер мекеме «Жомартжан» ЖШС арқылы тракторлармен шығарылуда. Жайық жағасы кесілген ағаштардан тазартыл­ды. Учаскелік полицейлермен рейдтер ұйымдастырылып, ҚР ӘҚБ-тың 505- бабы бойынша көшелеріне құрылыс материалдарын төккен тұрғындарға ескертулер беріліп, құрылыс матери­алдары алынуда. Айта кететін тағы бір жайт, қоқыс контейнерлеріне қоқыстарын жеткізбей төгу, контейнердің сыртына тастап кету фактілері азаймай отыр. Осы бойын­ша рейдтерде анықталып, 3 тұрғынға ескерту хаттамасы толтырылды. Оны­мен қоса ауыл ішінде сиыр малда­рын бақыламай жіберу де, контейнер ішіндегі қалдықтардың шашылуына себеп болуда. Президентіміз Қ.Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясының аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екендігін, елге оның мән-маңызын түсіндіріп, жұмысты дұрыс үйлестіруі қажеттігін де тапсырды. Ол: «Әрбір басшы ел­мен етене жұмыс істеп, тұрғындармен сенімді байланыс орнатуы қажет. Сонда жұрт та оның бастамала­рын қолдайды, ел үшін пайдалы іске жұмыла кіріседі. Әкімнің абырой- беделі дегеніміз де – осы» деді ол сөзінде.

Біз, әкімдер, тазалық науқанын ұйымдастырып, баршамыз бір кісідей жұмыла атсалыссақ, біраз шаруа ши­рап, ауданымыздың келбеті көркейе түсері сөзсіз. Әйтсе де, іс мұнымен бітпейді. Оны ластамау, өзгенің еңбегін бағалау елі мен жерін сүйетін әр тұрғынның жауапкершілігінде екендігін естен шығармайық. Мем­лекет басшысы айтқандай, тазалық біздің қанымыз бен жанымызға сіңген қасиетке айналуы тиіс!

Нұрлан САПАРОВ,

Махамбет ауылдық округінің әкімі

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT