Тазалық – баршаға ортақ міндет!

Тазалық – баршаға ортақ міндет!
фото: www.akorda.kz
(0 Votes)

Таза Қазақстан акциясы – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың алғы шарты. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 14 наурыз күні өткен Ұлттық құрылтайда айтып өткен болатын.

«Өркениетті ел болу үшін тазалық ұғымы қоғамда терең орнығуы керек. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Жалпыұлттық жоба жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Әсіресе, жастарымыз, соның ішінде еріктілер ерекше белсенділік танытты»,- деді Мемлекет басшысы.

Иә, Таза Қазақстан - бұл жай ғана науқан емес. Оның негізгі мақсаты көшені, ауланы тазалаумен шектелмейді. Бұл – ұлттық болмысымызға қатысы бар мәселе, тұтас еліміздің келбетін өзгертетін бастама деп ойлаймын.

Осы акция аясында аудан бойынша көше тазалығын сақтау, өңірді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылуда. Менде осы ретте өңірде әр апта сайын ұйымдастырылатын экологиялық акцияға қатысып, қоршаған ортаны сақтаудың ортақ ісіне өз үлесімді қосып келемін. Өйткені ауыл тазалығы – баршамызға ортақ іс әрі міндет!

 

Мейрамгүл Сұлтанова

Мақат кентінің тұрғыны

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT