Биылғы жыл жұмысшы мамандықтары жылы.
Ел өркендеуінің айқын тұтқасы, кез келген қоғамның негізі, күнделікті тіршіліктің тынысы да жұмысшы мамандықтары екені сөзсіз.
Ал, адал, еңбекке ынталы жандарға мемлекет тарапынан қашанда қолдау көрсетіледі. Соған сәйкес, биыл еңбек адамдарының жағдайын, түрлі саладағы жұмысшы мамандардың беделін көтеру үшін бар жағдай жасалмақ.
Себебі олар ел экономикасының қозғаушы күші саналады. Оларсыз қала да, ауыл да дамымайтыны анық. Үй салынса да, жол тұрғызылса да, жарық берілсе де жұмысшы мамандарының еңбегі керек. Біз кейде осы қарапайым, еңбекті елеусіз қалдырып жатамыз.
Міне, сондықтан да бұл жыл – тек атаулы шара емес, тәрбие мен танымды жаңғыртатын, сананы сілкіндіретін маңызды бастама болмақ.
Гүлмира Омарова
Аудандық балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы