Атырау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымда сенбілік өтіп жатыр.
Тұрғындар арасында экологиялық үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, жас буынды табиғатты қорғауға үндейтін іс-шара қаладағы «Химпоселок», «Бірлік» шағынаудандары мен Құттығай батыр, Исатай Тайманов даңғылы маңында ұйымдастырылды. Аталған аумақтардың арнайы белгіленген жерлері қоқыстардан тазартылды.
Облыс орталығындағы тазалық іс-шарасына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың 2 мыңға жуық өкілі қатысты.
Жиналған барлық қоқыстар «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберілді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жыл бойына әр апта сайын жалғасатын болады.
Бұл іс-шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ