«Таза Қазақстан» – табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі

(0 Votes)

Елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы – қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл әр азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуге үндейтін, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игі іс деп білемін.

Ауданында да акция аясында сенбіліктер өткізіліп, қоқыс жиналып, ағаш көшеттері отырғызылуда. Бұл шараға Мақат балалар өнер мектебінің ұжымы мен оқушылары да белсене қатысуда. Біз жас ұрпақты тек өнерге ғана емес, табиғатты сүюге, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуді басты мақсатымыздың бірі деп білеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "Таза Қазақстан" – тек тазалық сақтау емес, бұл – ұрпақ болашағына жасалған нақты қадам деген болатын. Бұл бастама әрбіріміздің азаматтық ұстанымымызбен ұштасуы тиіс.

Сондықта табиғатты қорғау – жалғыз бір акция аясындағы жұмыс емес, бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Осы ретте айта кетейік, біз ұстаздар қауымы, оқушыларға үлгі бола отырып, экологиялық тәрбиені де назардан тыс қалдырмауымыз керек.

 

Г.Омарова

Мақат балалар өнер мектебініғ домбыра-тенор ұстазы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT