Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – ел болашағына бағыт беретін маңызды құжат. Онда халықтың әл-ауқатын арттыру, жастарды қолдау, ауылдарды дамыту сияқты қоғам үшін өзекті мәселелер кеңінен қамтылды.
Әлеуметтік қолдау, жұмыс орындарын ашу, білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру – барша азамат үшін аса маңызды қадамдар. Ауыл тұрғындары үшін жол, ауыз су, инфрақұрылым мәселелерін шешу – тұрмыс сапасын көтеріп қана қоймай, елді мекендердің дамуына серпін береді.
Жолдауда көтерілген бастамалар нақты, түсінікті және ел көкейіндегі түйткілдерге сай келеді. Сондықтан бұл құжат қоғамда кең қолдауға ие болып отыр. Жолдау – ел ертеңіне деген сенімді нығайтатын, жүйелі іс-қимылға негізделген бағдар.
Д.Нұрлыбай,
кент тұрғыны