"Таза Қазақстан" - қоғам жауапкершілігі

"Таза Қазақстан" - қоғам жауапкершілігі
фото: https://www.gov.kz
(0 Votes)

Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігін айқындайтын негізгі өлшем. Бұл мәселе бүгінде елдіміздегі өзекті мәселелер қатарында.

Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да «Таза Қазақстан» ұлттық жобасын іске қосуды тапсырып, еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту бағытында нақты міндеттерді жүктеді.

Жалпы жобаның басты мақсаты – елдімекендер мен табиғи аумақтарды санитарлық тазарту, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады. Еліміз бойынша сенбіліктер мен тазалық акциялары жүйелі түрде өткізіліп, көшелер қоқыстан тазартылуда.

Аталған бастама ауданымызда да қолдау тауып отыр. Апта сайын сенбіліктерге мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып келеді. Әсіресе жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары күшейтілуде.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы  – тек қоқыстан арылу емес, бұл қоғам санасын жаңғырту, табиғатпен үйлесімде өмір сүруді үйрену. Тазалықты әркім өз ауласынан бастаса, тұтас елдің экологиялық жағдайы жақсара түсері анық. Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі ұрпақтың амандығы.

 

Б.Жалмұханов

Аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT