Қауіпсіз орта баршамызға ортақ

Қауіпсіз орта баршамызға ортақ
фото: https://egemen.kz
(0 Votes)

Қазіргі заманғы урбанизация дәуірінде электросамокаттар қала тұрғындарының өмірінен елеулі орын алды. Бұл экологияға зиян келтірмейтін, үнемді әрі ыңғайлы көлік түрі жастар мен ересектер арасында кеңінен қолданылады. Көбіне жұмысқа, дүкенге немесе күнделікті серуенге шығу үшін пайдаланылады.

Алайда, соңғы жылдары электросамокаттардың көбейіп, жаяу жүргіншілер жолында жылдам әрі бақылаусыз жүруі қоғамдық қауіпсіздікке едәуір қатер төндіріп отыр. Бұл тек жол қозғалысының ережелерін бұзу ғана емес, тұрғындардың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайға айналуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, электросамокаттардың қозғалысына шектеу енгізу туралы заңнамалық өзгерістердің қабылданғанын атап өтті. Бұл мемлекет тарапынан жасалған маңызды қадамдардың бірі.

Дегенмен, тек заң арқылы мәселе толық шешілмейді. Қоғам мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, ортақ тәртіп пен мәдениетті сақтауға тиісті. Әрбір азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін сезіне отырып, жауапкершілікпен әрекет етуі қажет.

Қала мәдениеті – тек инфрақұрылым емес, ол – тұрғындардың тәртібі мен өзара сыйластығы. Сондықтан қауіпсіз әрі жайлы орта құру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Қабылхан Омаров

Аудандарық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT