Табылды Досымовтың 60 жылдығына арналған «Кенептегі асау тағдыр» атты суретшілер симпозиумы өтті

(0 Votes)

Атырау қаласында қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын, жерлесіміз Табылды Досымовтың 60 жылдығына арналған «Кенептегі асау тағдыр» атты суретшілер симпозиумы өтті. Ел руханиятына сүбелі үлес қосқан тұлғаның шығармашылығын ұлықтауға бағытталған бұл шара – бейнелеу өнеріндегі ерекше мәдени бастама ретінде жоғары бағаланды.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған симпозиумға кәсіби қылқалам шеберлері қатысып, Табылды Досымовтың өмірі мен өнерін арқау еткен бірегей туындыларын ұсынды.

Симпозиумның басты мақсаты – ұлттық өнер мен заманауи көркем бағыттарды үндестіре отырып, көрермен санасына мәңгілік қалатын рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Шара аясында үздік туындылардың авторларына арнайы сертификаттар мен сыйақы табысталды.

Көрменің көркемдік кеңістігін байытқан бұл шығармалар – облыстық өнер музейінің алтын қорына тапсырылды.

Сонымен қатар кеште Табылды шығармашылығына арналған әндер шырқалып, ақынның рухына тағзым ретінде «Биіктік» және «Толағай» әндері орындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT