Сенбілік – тазалық кепілі

(0 Votes)

 Бүгін ауданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай сенбілік өтті.

Аудан аумағын күл-қоқыстан арылтып, тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі шараға мекеме қызметкерлері, түрлі еңбек ұжымдары, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысты.

Бұл жолғы сенбілікте көшелер мен аулалар ретке келтіріліп, қоғамдық орындар мен саябақ маңы тазартылды.

Сонымен қатар, шөп шабу, ағаш бұтақтарын қырқу, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға шығару жұмыстары да жүргізілді.

Аудан тазалығына жауапты «Тазалық Көгал» мекемесінің мәліметінше, бүгінгі сенбілік барысында 5 жүк көлігі жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылған.

Айта кетейік, шара аясында белсенділік танытқандарға аудандық Жастар ресурстық орталығының атынан салқын сусындар мен балмұздақтар таратылды.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT