«Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы туралы айтты» деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтікжелідегі парақшаында жариялады.
Министрдің айтуынша, тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз болып отыр. Сондай-ақ ол жаңа пилоттық жобаның қолға алынғанын, онда тәрбиешілердің қызметіне қарай жалақысының екі есеге көтерілетінін айтты.
«Қазір біз бірнеше балабақшада пилоттық жоба бастадық. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады. Кейін пилоттық жоба нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Әрине, жекеменшік балабақша ашатын кәсіпкерлерді қолдау маңызды екенін түсінеміз. Бірақ біздің жұмысымыздағы басты бағыт – балалардың қауіпсіздігі және оларға қолайлы әрі сапалы жағдай жасау. Мұндай ережелер ата-аналар үшін маңызды және адал кәсіпкерлер үшін пайдалы деп есептеймін», - деп толықтырды министр.
ATPress.kz