Ауданда балалар күніне арналған гала концерт өтті

(0 Votes)

Балалар мерекесіне орай Орталық алаңда ұйымдастырылған «Біз бақытты баламыз» мерекелік шарасы аудан тұрғындарын думанға бөледі. Алдымен сахна төріне көтерілген аудан әкімі Ринат Ибрагимов бүлдіршіндері құттықтап, мерекелік тіліген білдірді.

«Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Балалардың жүздерінен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпей, ал жүректеріне тек мейірім мен шапағат ұяласын»,- деді аудан әкімі.

kontsert
Кеш барысында күтпеген тосын сыйларда орын алды. «NСС» ЖШС Нефтестрой компаниясының техникалық директоры Көшірбай Жасұзақұлын іс-шараға қатысып, Мақат кентінен демушілікпен балаларға ойын алаңын салып беретіндіктерін айтып, құрылыс сертификатын аудан әкімі Ринат Хисаұлына тарту етті.
Одан әрі мерекелік кеш гала концертке ұласты. "Сармад" этно-фольклорлық ансамблі мен эстрада жұлдыздары Еркін Нұржанов және Бейбіт Кушкалиев сахнаны думанға бөлеп, көрермендерге мерекелік көңі-күй сыйлады.

А. Жұмабергенқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT