Сондай-ақ әкімдік отырысында «Спецавтобаза» ЖШС-нің директоры Алмас Ізтілеуов қаладағы қар шығару жұмыстарының орындалу барысы туралы айтты.
- Қалаға алғаш қар жауған кезде қар шығарып үлгердік. Ал екінші жауған кезде өзім де бірге жүріп тазаладық. Алайда кейбір жерде қардың биіктігі жарты метрге жетуі жұмысқа қиындық келтірді. Бұл жағдайға дайын болмауымыз өзімізге де сабақ болды,- деді А.Ізтілеуов.
Аймақ басшысы «Спецавтобаза» ЖШС-нің жұмысты жүйелі жүргізе алмай отырғанын айтты.
- Маған сырғытпа жауап немесе болмайтын себеп айтпаңыздар. Бізден басқа да қар қалың жауатын аймақтар бар. Өңірімізге қар жаумағанға үйреніп қалдық. Сондықтан техника да, басқасы да дайын емес. Кеше қолда бар техникамен шығам деп есептегенмен, іске аспады. Мен солай есептеймін. Толық күшпен мобилизация істемедіңіздер. Мемлекеттен жыл сайын ақша бөлініп отыр. Сондықтан бар техниканы шығарыңыздар,-деді С.Шәпкенов.