Қазіргі сот жүйесіне қойылатын талаптар күшейтілді. Осы орайда аудандық соттың сот мамандары арасында "Әдептілік сағаты" өткізілді. Шараның мақсаты - мемлекеттік қызметші қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауы және Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз ұстануы мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының, моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптарды сақтау.
Әдептілік сағатында аудандық соттың меңгерушісі Сәулеш Сағынова мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде көзделген мінез-құлықтың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар туралы сөз қозғап, іскерлік киім үлгісі мен телефон әдебін сақтау бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер туралы да ақпарат жеткізілді.
Сот қызметкерлері тарапынан тақырыпқа сай ой-пікірлер айтылып, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.
М.СЕРІКҚЫЗЫ
Сурет автордікі