«Adal» партиясы сайлауалды бағдарламаның жобасын жариялады

(0 Votes)

 Бүгін «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде ұйымның сайлауалды бағдарламасының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Adal» партиясы қоғам өмірінің барлық саласында кең ауқымды жаңғырту ісіне кіріседі. Біз алға қойған барлық мақсатқа қол жеткізуіміз қажет. Күнделікті жұмысымыздың, іс-әрекетіміздің мәні азаматтарымызға қамқорлық екендігін көрсеткіміз керек. Бұл партия жұмысының мәні деп санаймыз. Партия бағдарламасы 5 негізгі басымдықтан тұрады.

Олар:

Барлық азаматқа лайықты өмір;

Кәсіпкерлік – табысты мемлекеттің негізі;

АӨК-ті дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі; Қуатты өңір – қуатты ел;

Мемлекет адамдар үшін«,- деді «ADAL» саяси партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Ордабаев.

Бұған дейін «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілгенін хабарлаған едік.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT