Шілдеде қанша күн демалыс болады

(0 Votes)

Шілде айында қазақстандықтар Астана күні мен Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер еліміздің еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Ал биыл мемлекеттік мереке саналатын Астана күні 6 шілде сейсенбіге келіп тұр. Құрбан айт мейрамы да 20 шілде сейсенбіге дөп түседі. Ал 3 күнге созылатын бұл діни мейрамның бірінші күні елімізде демалыс ретінде жарияланған. Сондықтан 6 және 20 шілде күндері демалыс саналады. Демек, аптасына 5 күн жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары шілде айында 11 күн демалады.

Айта кетейік, Ораза айттан 70 күннен кейін тойланатын Құрбан айтта жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу - уəжіп, мұсылмандық міндет. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық етінің бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж жандарға таратылады.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика