Бурабайда өткен төртінші құрылтайдың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Алақалы жиында Қазақстан дамуының негізгі бағыттары, соның ішінде экономиканы реформалау, әлеуметтік саясат, заң мен тәртіпті нығайту, идеологиялық жұмыстарды жүйелеу мәселелері талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламалық баяндамасында қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жасап, көптеген мәселелер бойынша жүйелі шешімдер ұсынып, болашаққа арналған міндеттерді белгіледі. Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор, Ұлттық цифрлық архив құру және «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын іске қосу сынды еліміз үшін стратегиялық маңызы бар жобаларға тоқталды.
Тағы бір маңызды жайт Мемлекет басшысы әрбір өңірде ерекше балаларды оңалту және дамыту орталықтарын ашу, облыс, аудан орталықтарында, ауылдар мен кенттерде балаларға арналған футбол алаңдарын салу, ұлт саулығы мен өскелең ұрпақты деструктивті әрекеттерден қорғау қажеттігін алға тартты. Парламент пен Үкіметтің алдына – шекара маңындағы аймақтарды дамыту туралы жаңа заң әзірлеуді міндет етіп қойды. Мұның Қазақстанның батыс қақпасы біздің ауданымыз үшін маңызы зор.
Анар Мусина,
аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары