Президент 2026 жылға дейін Қазақстанда екі миллиардтан аса ағаш егу идеясын ұсынды

Президент 2026 жылға дейін Қазақстанда екі миллиардтан аса ағаш егу идеясын ұсынды
(0 Votes)

Осы ұсыныс аясында  «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Қазіргі кезде еліміздің өңірлерінде көмірқышқыл газының бөлінуін шектеу және өсіп келе жатқан шөлейттенуді ауыздықтау үшін бес жыл ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызу жөніндегі Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндет жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінгі таңда табиғаттың ластануына бейжай қарамауымыз керек. Өкінішке қарай, климаттың өзгеруі нашарлап барады. Орталық Азияда кейінгі 30 жылда орташа жылдық температура шамамен бір градусқа көтерілді. Өңірі де негізгі өзен бассейндерінің және биоәртүрліліктің азаюы үлкен алаңдаушылық туғызады. Булануды арттыратын газдар мен ауаның ластануы мәселені ушықтырып жатыр. Бүгінде «жасыл даму» мақсаттарына қол жеткізу үшін елдердің күш-жігері анағұрлым белсенді және тиімді болуы керек.«Біз жүргізіліп жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық реформалармен қатар жүруі тиіс екеніне сенімдіміз. Дәл осы тәсіл бізге орташа табыс тұзағынан шығып, дамудың келесі деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз шын мәнінде нарықтық, еркін және бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған ел үшін жаңа экономикалық бағытты жүзеге асырып жатырмыз. Жасыл экономиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын дамыту біздің төмен көміртекті даму стратегиямыздың басымдықтары болады, ол 2060 жылға қарай нөлдік шығарындыларға оңтайлы жол береді, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жасыл экономикаға көшу – Тоқаев саясатының басым бағыттарының бірі.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT