2017 жылдан кейiн әкімдіктерде тұрғын үй кезегіне тіркелген, достар! "Шаңырақ" жобасына қатысуға сіздердің кезектеріңіз келді!
28 қазаннан бастап "Шаңырақ" бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталатынын қуана хабарлаймыз. Енді 1986-2020 жылдар аралығында баспана кезегіне тұрған азаматтар түгел өтініш бере алады. Естеріңізге сала кетейік, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%, бастапқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй займын алу үшін, сіз әкімдіктерде баспана кезегінде болуыңыз қажет және табысыңыз әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 101 271 теңгеден аспауы тиіс. Өтінішті кез келген адам жолдай алады, ол үшін банк клиенті болу шарт емес! Өтініш беру парақшасына бірден көшіретін сілтемені біздің профилімізден таба аласыз.
Бүгінгі күні 291 отбасы "Шаңырақ" жобасымен несие алып, пәтер иеленді.
Тағы 2 386 адамның өтініші Банкпен мақұлданып, олар үй іздестіру үстінде.
Келесі болыңыз!
Сурет: ашық дереккөз