Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау қаласының әкімі лауазымына Кейкін Шәкір Кейкінұлы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарды.
06.1999 - 01.2001 жылдар аралығында «РАМАКО» ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
01.2001 - 02.2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС-да директор;
02.2008 - 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;
10.2008 - 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;
07.2009 - 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;
10.2018 - 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
02.2019 - 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
09.2019 - 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;
03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.
Кейін облыс әкімі Шәкір Кейкіннің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар Атырау қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Мира НҰРТАЕВА