Сатылымда «MEDEÝ» коллекциялық монеталары

(0 Votes)

2021 жылдың 20 сәуірінен бастап «Республика игілігі» сериясынан «MEDEÝ» коллекциялық монеталары интернет-дүкен арқылы сатылымда.

MEDEÝ» монетасы дизайнының тұжырымдамасы атақты бөгеттің және «жарылыстан туындаған» мұз айдынының пайда болу тарихын суреттейді.

Ол бүкіл әлемге әйгілі «Медеу» биік таулы мұз айдынын қоршаған Іле Алатауының жартасты тауларын аллегориялық қабылдау негізінде жасалған.

Монеталар алтын жалатылған күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, «proof» сапасымен, таралымы 3 000 (үш мың) данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монетаның аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» жазбасының, монета номиналын және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазбалардың қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.

А.АМИН,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521