Атыраулықтар алтын құйма алудан алдыңғы орында

(0 Votes)

2021 жылдың наурыз айында қала тұрғындары 40-тан астам алтын құймаларын сатып алды.

Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары – ұстаушыға жинақтау үшін сақтауға немесе кіріс алу мақсатында сатып алу және сату бойынша операцияларды жасауға мүмкіндік беретін өтімділігі жоғары қаржы құралы. Аффинирленген алтынның өлшеуіш құймалары шикізатынан бастап соңғы дайындаушыға дейін жүз пайызды Қазақстан өнімі болып табылады. Ұлттық Банк пен Теңге сарайы «төрт тоғыз» сынамасы бар алтын құймаларының жоғары сапасына кепілдік береді.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 5,2 келі (кг.), 116 өлшеуіш құйма сатып алды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп (2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында – 0,875 келіге 53 өлшеуіш құйма сатып алды). Қала тұрғындарымен ақпан айында ең көп құйма (46) сатып алынды. 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 212,1 келі болатын 5 426 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалары бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г. құйма ең көп сатып алынады. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 33%, яғни, 1 787 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма – 1 659 дана (31%), 100 грамдық – 1 535 дана (28%), 50 грамдық – 314 дана (6%) және 5 грамдық құйма – 131 дана (2%).

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында Алматы қаласынан кейін Атырау көш бастап тұр.

Алтын құймалар  инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінен, оның ішінде «АС-Зеленый Медведь» Айырбастау пункті» ЖШС сатып алуға және оларға кері сатуға болады.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт), сонымен бірге құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және қаптамасының ашылған-ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қаптамада шығарылады.

Қорғаныш қаптамасы да құйма сапасының сертификаты саналады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтап, қаптамасын ашпаған дұрыс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты.

2021 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша алтынның 1 грамының құны 24 763,98 теңгені құрайды.

Күнделікті алтынның құны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz ресми сайтынан көруге болады.

 

А.АСЫЛБЕКҚЫЗЫ ,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және

кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT