Сарапшы: Энергетика көзін әртараптандыру қажет

Сарапшы: Энергетика көзін әртараптандыру қажет
(0 Votes)

 Еліміздің энергетика саласын әртараптандыру керек. Бұл электр қуатының тапшылығы мәселесін шешеді. Алматыда бас қосқан сала мамандары осындай пікірде. Ғалымдардың айтуынша, қазір бізде электр қуатын тұтыну жыл сайын 3 процентке өсіп отыр. Тапшылықты болдырмау үшін оны көршілес елдерден алуға мәжбүрміз. Әсіресе республиканың оңтүстік өңірлерінде электр жарығы тұтынушылардың бәріне жетпейді. Анда-санда өшіп те қалады. Атом электр станциясы салынып жатса, Қазақстанда сенімді әрі тұрақты энергия пайда болады.

Сабыржан Қали, университет докторанты:

- Күн, су және жел электр станциялары олар күнге, желге тәуелді. Кейде жел болады, кейде күн болмайды. Сол себепті олардың КПД дейді - коэффицент полезного действия аз. Сол себепті кейде мысалы күн күндіз электр энергиясы қуатын береді. Түнде бірақ энергия жоқ күн элелктр станцияларында. Бізге қалыпты бір энергия қуатын беретін өндіріс керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT