Сарайшық музейіне халықаралық деңгейдегі экспедициялар ұйымдастырылады

Сарайшық музейіне халықаралық деңгейдегі экспедициялар ұйымдастырылады
(0 Votes)

 Ұлттық құрылтайдың «Мәдениет. Өнер. Руханият» тақырыбындағы жұмыс секциясы отырысында бала тәрбиесі мен жастар саясаты, мәдениет пен әдебиет саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер, өзекті мәселелер барынша жан-жақты талқылануда.

Сарапшылар мәселе көтеріліп қана қоймай, шешілуі тиіс екенін айтып жатыр. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып, жобалар жүзеге асырылуы қажет. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан секция отырысында зиялы қауымның тарихи жауапкершілігі, азаматтық ұстанымы туралы баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Сарайшық» музейін дамыту, халықаралық деңгейде экспедициялар ұйымдастыру қолға алынғанын жеткізді.

– Бұрын аталған музейде болып, ұжым мүшелерімен кездескен болатынмын. Әзербайжанның Баку қаласынан түркі әлемінің мәдениетін дамыту қоры аясында бірлескен экспедиция ұйымдастырып, Сарайшық қаласын қайта жандандыруды қарастырмақшымыз. Сарайшық – қазақ даласындағы ең көне қалаларының бірі. Айналасында әлі де сүйектер шашылып жатыр. Мұндағы жұмысты жандандырып, жергілікті әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Өйткені, музейдің айналасында қазір зираттар, үйлер бар. Ол жерді тазалау әкімдіктің назарында болады, – деді министр.

Рита Жайғалиқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT