Сарайшық ауылында өр суының қатты ағыспен келуі салдарынан, қауымға су кірді.
Қазіргі уақытта қауым ішінен бөгет соғылуда.
Өр суы қауым сыртынан соғылған балдан өтіп кетіп тұрғандықтан, балды қосымша бекіту жұмыстары қарқынды жүруде.
Оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы бар. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет соғуға 50 адам қатысып жатыр.
Қауым ауыл ішінен 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы