Сәлімжан Нақпаев жаңа лауазымға тағайындалды

(0 Votes)

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сәлімжан Нақпаев "АМӨЗ" ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұған дейін де бұл туралы бейресми ақпарат көздері хабарлаған еді. Ал, бүгін бұл мәліметті зауттың баспасөз қызметі растады. Нақтырақ айтқанда, 57 жастағы Сәлімжан Жұмашұлы енді – зауыт бас директорының әлеуметтік мәселелер, бұқарамен және мемлекеттік органдармен байланыс бойынша орынбасары.

Айта кетейік, ол 2000-2003 жылдары Мақат ауданының әкімі, 2003-2005 жылдары Атырау облыстық әкімдігі аппаратының басшысы, 2005-2006 жылдары Жылыой ауданының әкімі болды. Сондай-ақ, Атырау қаласын да басқарды. Ал, 2018 жылан осыған дейін "Ембімұнайгаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты да болды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT