Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының діни мерекелер кестесіне сәйкес, 27 маусым – Арапа күні.
Арапа араб тілінен аударғанда "білу, анықтау, түсіну" деген мағынаны береді. Ислам дінінде Арапа күні – артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас күн. Арапа күні жасалатын ең ізгі амалдардың бірі – ораза ұстау. Ол – сүннет. Ал 28-30 маусым аралығы – қасиетті Құрбан айт мерекесі.
Атырауда таңғы сағат 03:37 минутта ауыз бекітіліп, кешкі сағат 21:35-де ауыз ашылады.
Ескерту: Таң намазына 10-15 минут қалғанда ауыз бекітіліп, ақшам намазы уақытында ашылады.