Сайлау учаскеңіздің қайда орналасқанын білгіңіз келсе...

(0 Votes)

2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіні белгілі.

Осы орайда дауыс беру құқығы бар көптеген азамат өзінің сайлау учаскесінің қайда екенін білмей жататыны да бар. Ал оны анықтау жолы өте қарапайым. Еліміздің барлық өңірлерінде сайлаушылардың тізімін әзірлеуге жауапты жергілікті әкімдіктер ресми сайттарына арнайы баннер орналастырып, Call-орталықтар, Telegram-боттар жасақтап қойған. Сол ресурстарға кіру арқылы кез келген азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскесін анықтай алады. Ал уақытша тұрып жатқан азаматтар 10 желтоқсанға дейінгі жергілікті әкімдіктерге барып, дауыс беру үшін тіркеуден өтуі қажет.

Бұл өңірде де сайлау учаскесін анықтауға арналған сайт жұмыс істейді. Бұдан бөлек, кезекті сайлау науқаны кезеңінде Атырау қаласы және аудандар әкімдіктері жанынан Call-орталықтар ұйымдастырылған. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін орталыққа хабарласу арқылы сайлау учаскесінің мекен-жайын анықтап, тізімде бар-жоғыңызды біле аласыз. Telegram әлеуметтік желісінде @SailauAtyrauBot бот қызметі де іске қосылған.

Атырау қаласы мен өңірге кіретін аудандардың Call-орталықтарының телефон нөмірлері мынылар:

 Атырау 8(7122)320233;205375

 Жылыой ауданы 8(71237)51554

 Индер ауданы 8(71234)20880

 Исатай ауданы 8(71231)20684

Құрманғазы ауданы 8(71233)20920

Қызылқоға ауданы 8(71238)21195

 Мақат ауданы 8(71239)32341

Махамбет ауданы 8(71236)21242

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521