Отбасы құндылықтарын дәріптейтін кеш өтті

(0 Votes)

Отбасы – қазақы ортадағы қасиетті ұғым. Себебі ол – ізгілік тәрбиесінің қайнар көзі, мейірім-махаббат бастауы, саналы тұлға қалыптасуына негіз болар басты іргетасы және бал дәурен балғын шақтың жылы естеліктеріне толы ыстық ұя. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өсіп-дамуында, өмірде өз орнын тауып, аяғын нық басуында, икемі келер кәсіпті игеріп, табысқа қол жеткізуінде отбасында берген тәлім-тәрбиенің ықпалы өте зор.

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстарына арналған іс-шаралар жоспары бойынша  «Отан отбасынан басталады» атты кеш болып өтті.

bastalady-1

Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, аудандық қоғамдық келісім төрағасы Ш.Ишанғалиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы К.Әлишева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы А.Кеуелова, аудандық орталық аурухананың акушер-гинекологы О.Саламат, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны К.Серікбаева, мәдениет, кітапхана қызметкерлері және аудан жастары қатысты. 

bastalady-2

Алдымен аудандық кітапхана қызметкерлері дайындаған бейнеролик көрсетіліп, кейін арнайы қонақтардың арасынан С.Халенов отбасы құндылықтары және жастарға зиянды заттардан аулақ болуға шақыратын ой-пікір білдірсе, О.Қуандыққызы баяндама жасады.

bastalady-3

Концерттік нөмірге ұласқан шарада «Креатив» әуесқой жастар театрының  дайындаған көрінісі жиналғандарға ой салды. Ал Б.Әкімгерейұлы, Б.Жалмұханов, Р.Сапен,  Ж.Сисембаевтар әртүрлі тақырыптағы әсем әндерді шырқаса, «Шаттық» би тобы «Жастар» биімен кешті қорытындылады.

А.ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521