Сайлау – мемлекеттің орнықты саясаты

Сайлау – мемлекеттің орнықты саясаты
(0 Votes)

Әрбір мемле кет саяси шешімдерді қабылдауда қоғаммен пікірлесу және азаматтардың таңдау құқығына сүйенеді. 

Бүгінгі күні сайлау институтының болуы – демократиялық мемлекеттің жұмыс істеуінің дәлелі. Сайлау институтының даму деңгейі жалпы қоғаммен мемлекеттің демократиялану деңгейін көрсетеді. Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (АСЕ ЕЕО) бастамасы бойынша 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен сайлау ұйымдастырушыларының Бас конференциясы шеңберінде Дүниежүзілік сайлау күні белгіленген. Бұл сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Қауымдастықтың толыққанды мүшесі болатын Қазақстан Республикасында жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде «Дүниежүзілік сайлау күні» мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Бұл күннің мақсаты – еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы қоғамды ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымды қалыптастыру.

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламенттік заң шығару қызметін жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкілді орган ретінде айқындалды. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық күші бар жарлыққа қол қойып, депутаттар сайлауы өткізілді. Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаларына сай болды. Қанатқақты жоба ретінде қолға алынған әкімдердің сайлауы елдегі саяси реформаның қадам-қадаммен жүзеге асырыла бастағанын көрсетеді. 2013 жылдан бастап кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті маслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы жанама сайлаумен сайланды. Әкімдер сайлау жүйесі одан да демократияланып ашық сайлаудың алғашқысы ауыл әкімдерінің сайлауы болды.

Қазіргі таңда 2021 жылдың 25 шілдесіндегі сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес кенті ауылдық округ әкімдерінің сайтауы тікелей халықтың қатысумен өтіп келеді. Аталған сайлаулар еліміздегі сайлау жүйесінің дамуына өз ықпалын тигізіп, азаматтық қоғамның нығаюына жол ашты. 2022-2024 жылдардағы сайлауларда еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптарына сай келетін сайлауды реттеудің жаңа жүйесін жүзеге асыру арқылы Қазақстандағы саяси бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сайлау кезіндегі партиялық тізімдерді жасақтау және парламенттік мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арнайы квота енгізілді.

Сайлауларды ұйымдастыруда, өткізуде жауапкершілік жүгі түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларына түсетіні ескеріліп, оларға мемлекеттік қызметкерлермен тең дәрежедегі құқық берілген. Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссияларының кәсіби болуына байланысты жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы тарапынан аумақтық, учаскелік, округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегін мемлекеттік тұрғыда атқарған қызметтерін бағалауда тұрақты түрде назар аударылып келеді.

Ауданда 1 аумақтық, 10 округтік және 12 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Оларда жалпы саны 141 мүше бар. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күні мерекесін атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспарын жасап, тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте маңызды кездесулер мен түрлі басқосулар атаулы күннің маңызына салмақ берері сөзсіз.

Р.Мақсотов,

Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясынының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT